Abdusamat Torovbaev

жазылып кет

Abdusamat Torovbaev
жазылып кет

14 Plays

01 Jan 2021

QARAKESEK - ЖАЗЫЛЫП КЕТ | 2020 1. Түнекке қарай, қанат қағып барасың, Адасып аралап ойларыңның арасын. Шыққын келмеймe, тік тұрып таласып? Өткенге ораласың, есігін жабасын, Есігің құлыптап, тағы жалғыз қаласың. Түсінбейм, түсінбейсің неге, Өткенмен өмір сүріп, кімді нені табасың? Ешкім жоқ ол жақта, ештеңе жоқ ол жақта, Сенен басқасының бәрі, кетіп қалды болашаққа.. Қ-сы. Бітті бәрі, Уақытың ғана енді дәрің. Жүрегің жазылып кетсін! 2. Лезде, көктем өтіп жаз келді, Әлі жүзіңде мұң, көзіңе жас келді. Күрсіңген қыз, күрсіндірген күз таяп қалд(ы), Қасыңнан табыла алмайм(ын), сен жаққа аяқтарым Мүлде баспайды, бәрі аяқталды, Дейтін шығарсың - бәле болып жолықтың маған қаяқтан? Соны айтам, қайдан жолықтым, Соны айтам қайдан ғана жолықтым!? Кешір өткен үшін, рақмет көктем үшін, Жәрдем ете алмадым, өткеніңді өртеу үшін. Бәрінің біткені шын, кешір біткені үшін, Кешір бәрін, жасыңды төккені үшін. Қ-сы Бітті бәрі, Уақытың ғана енді дәрің. Жүрегің жазылып кетсің!

Be the first who leave a comment.

Leave a comment

You may also like