ой

10 Plays

07 Nov 2020

Маған сенің жоқ секілді жазарың, Өзге жанда ықыласың, назарың. Мен орынсыз мазаласам мән берме, Сағынғанда шыдам болмай жазамын. Маған сенің жоқ секілді, айтарың, Ұнатқаның бар екенін байқадым. Түсіндіріп айтпадың ба басында, Менде адаммын, түсінемін, қайтамын. Мен сен үшін бола алмаймын енді алаң, Арман – арман, кейде соған сенді адам. Айтпадың ба еркелетпе ботам деп, Қаламаймын демедің бе сен маған. Келбетіңе кейде сырттай тесілсем, Сағынғаннан шығар бәлкім, кешір сен. Мүмкін бәрін ұмытам деп ойладым, Телефоннан суретіңді өшірсем. Ақ бұлттай тәнің таза, жаның нұр, Ақыл есім жүрегімді бағындыр. Менде сені сағындырам сары қыз, Қазір мені сағындырсаң сағындыр…

1 Comments

Leave a comment

4 years ago

You may also like