Masen

достарым

Masen
достарым

161 Plays

26 May 2019

Бiр досым бар - менi сөгіп, күндейдi, Бiр досым бар - менi сырттай жөндейдi. Бiр досым бар - ештеңеден тайсалмай, Емiн жарқын, аман-есен жүр дейдi. Бiр досым бар - ылғи менi сөгедi, Бiр досым бар - зарын маған төгедi. Бiр досым бар - ылғи менi қорғаштап, Бiр мен үшін қажет болса өледi. Бiр досым бар - сырын маған айтады, Бiр досым бар - сөзi маған батады. Бiр досым бар - оның берген кеңесi, Көңiлiмнен әр-кез шығып жатады. Бiр досым бар - есiмiмдi мақтаған, Бiр досым бар - дос болса да жат маған. Бiр досым бар - көтеретiн көңiлiмдi, Соны көрсем қуаныштан шаттанам. Бiр досым бар - үмiтiмдi жалғайтын, Бiр досым бар - сәлемiмдi алмайтын. Бiр досым бар - бiлсең айтшы дегенде Бiлсе-дағы бiлмеймiн деп алдайтын. Бiр досым бар - қиындықтан қашпайды, Бiр досым бар - барсам есiк ашпайды. Бiр досым бар - қолда барын ұсынып, Мерейiмдi бiр өсiрiп тастайды. Бiр досым бар - тату-тәттi бәрiмен, Бiр досым бар - жүршi дейдi әрiмен. Бiр досым бар - ақыл қосар әр кезде Дос дегенiң жақсы екен ғой бәрiнен

1 Comments

Leave a comment

5 years ago

You may also like